
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап біздің ауруханада дипломды оториноларинголог Нурушев Талгат Маратович жұмыс істейді. РҚКБА ол жаңа адам емес: 2020 жылдан 2023 жылға дейін хирург болып жұмыс істеді. Енді Астана медицина университетінде резидентурадан өткеннен кейін ота жастайтын ЛОР-дәрігер ретінде оралды. Қазіргі уақытта хирургия бөлімшесінің базасында септопластика, вазотомия сияқты бірқатар операциялар жүргізілді.
Жаңа маман көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейте алуы үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдарды жарақтандыру желісі бойынша құралдар жиынтығымен аз инвазивті эндоскопиялық араласуларға арналған жүйе сатып алынады. Сондай-ақ жақын арада хирургия базасында тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда кереуеттер орналастырылатын болады. Әзірге операциялар күндізгі стационар деңгейінде жүргізіледі.
Доктор Нурушевтің айтуынша, жаңа жабдық мұрын қуысына эндоскопиялық операция жасауға, сондай-ақ тонзиллэктомияға және т.б. мүмкіндік береді.
- Мен неге осы мамандықты таңдадым? ЛОР бағыты Қостанай облысы үшін өте өзекті. Өңірде операция жасайтын ЛОР-дың тапшылығы, операцияның 80% – ға жуығы астанада жүргізіледі, портал бойынша пациенттерді күту шамамен екі жылды құрайды, – дейді Талгат Маратович.
Талгат Маратович жоспарлы және шұғыл операцияларды ғана емес, сонымен қатар ақылы бөлімше базасында, біздің аурухананың емханасында қабылдауды жүргізеді. Жұмыс күндері қабылдау, 8-ден 16 сағатқа дейін. Анықтама телефоны: 9-24-06.
Дәрігер ересек пациенттерді қабылдайды.