День: 18.03.2025

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Рудный қалалық көп бейінді ауруханасы” КМК бақылау кеңесі і бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Рудный қалалық көп бейінді ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері.

Конкурсты өткізу күні: 2025 жылғы 18 наурыздан бастап 2025 жылғы 01 сәуірде сағат 11.00-ге дейін..

Конкурстың өтетін орны: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Комсомол даңғылы, 49 құрлысы, конференц-зал, телефон: 8 (71431) 50836,93880.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының “Рудный қалалық көп бейінді ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны мына мекенжай бойынша орналасқан: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Комсомол даңғылы, 49 құрылыс, конференц-зал, телефон: 8 (71431) 50836,93880, электрондық пошта мекенжайы gorbolrud@yandex.kz

Негізгі қызметі: Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық ережелер мен нормалар және гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады.

Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

– “Денсаулық сақтау” даярлау бағыты бойынша жоғары білім, “денсаулық сақтау менеджменті” (“Қоғамдық денсаулық сақтау”) мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат); не “Денсаулық сақтау” даярлау бағыты бойынша жоғары білім, “денсаулық сақтау” бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім “Денсаулық сақтау” немесе “бизнес және құқық” немесе ЕМВА немесе full-time (Fultime)дәрежесін дайындау; немесе “Бизнес, басқару және құқық” даярлау бағыты бойынша жоғары білім және “денсаулық сақтау” даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;

– Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

– басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2025 жылғы” 18 ” Наурыз.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2025 жылғы 01 сәуірде сағат 11.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер құжаттарды мына электрондық пошта мекенжайына gorbolrud@yandex.kz  электрондық түрде ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.

Рубрика: Без рубрики

Объявление

Наблюдательный совет КГП «Рудненская городская многопрофильная больница» Управления здравоохранения акимата Костанайской области объявляет конкурс на занятие вакантной должности:

Главного врача коммунального государственного предприятия «Рудненская городская многопрофильная больница» Управления здравоохранения акимата Костанайской области.

Дата проведения конкурса: с 18 марта 2025 года до 11 часов 00 минут 01 апреля 2025 года.

Место проведения конкурса: 111500, Республика Казахстан, Костанайская область, город Рудный, пр. Комсомолский, строение 49, конференц-зал, телефон: 8 (71431) 50836,93880.

Коммунальное государственное предприятие «Рудненская городская многопрофильная больница» Управления здравоохранения акимата Костанайской области, расположено по адресу: 111500, Республика Казахстан, Костанайская область, город Рудный, пр. Комсомолский, сроение 49, конференц-зал, телефон: 8 (71431) 50836,93880, адрес электронной почты gorbolrud@yandex.kz

Основная деятельность: осуществление деятельности в области здравоохранения.

Основные должностные обязанности:

Руководит производственной, финансово-хозяйственной деятельностью организации здравоохранения, несет ответственность за принимаемые управленческие решения, сохранность и эффективное использование имущества организации, а также за результаты финансово-хозяйственной деятельности.

Определяет политику, стратегию деятельности организации и механизм ее реализации. Обеспечивает внедрение новых и совершенствование существующих организационных форм и методов работы персонала, направленного на дальнейшее повышение эффективности и качества оказываемой диагностической, лечебной и профилактической помощи, повышение качества и конкурентоспособности оказываемых услуг.

Обеспечивает эффективное взаимодействие структурных подразделений организации, направляет их действия на развитие и совершенствование оказываемых медицинских услуг.

Несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства, и принятию мер по недопущению проявлений коррупции со своей стороны и подчинённых ему лиц.

Принимает меры по обеспечению организации квалифицированными кадрами, рациональному использованию их профессиональных знаний и опыта, созданию безопасных для жизни и здоровья условий труда, формированию благоприятной психологической атмосферы в коллективе. На основе анализа деятельности организации и оценки показателей его работы принимает необходимые меры по улучшению форм и методов работы организации. Обеспечивает на основе принципов социального партнерства разработку, заключение и выполнение коллективного договора, соблюдение трудовой дисциплины, способствует развитию трудовой мотивации, инициативы и активности работников.

Координирует работу по изучению и оценке санитарно-эпидемиологических ситуаций, определяет приоритетные факторы неблагоприятного воздействия на здоровье человека. Принимает действенные меры по улучшению санитарно-эпидемиологической ситуации.

Организует оперативный и лабораторно-инструментальный контроль и надзор за проведением гигиенических и противоэпидемических мероприятий, за соблюдением санитарных правил и норм и гигиенических нормативов.

Обеспечивает соблюдение требований медицинской этики, законности в деятельности организации, в том числе в вопросах финансово-хозяйственного управления, укрепления договорной и финансовой дисциплины, регулирования социально-трудовых отношений.

Осуществляет прием и увольнение работников. Заключает договора, совершает сделки с физическими и юридическими лицами. Издает по вопросам своей компетенции распоряжения и приказы, обязательные для всех работников.

Требования, предъявляемые к участникам конкурса:

– высшее образование по направлению подготовки «Здравоохранение», свидетельство о прохождении повышения квалификации (переподготовке) по специальности «Менеджмент здравоохранения» («Общественное здравоохранение») и (или) свидетельство (или сертификат) о присвоении квалификации по соответствующей специальности; либо высшее образование по направлению подготовки «Здравоохранение», послевузовское образование по направлению подготовки «Здравоохранение», или «Бизнес и право» или степень ЕМВА или full-time (Фултайм); либо высшее образование по направлению подготовки «Бизнес, управление и право» и послевузовское образование по направлению подготовки «Здравоохранение» или степень ЕМВА или full-time (Фултайм);

– сертификат менеджера в области здравоохранения;

– стаж работы на руководящих должностях не менее 3 лет.

Необходимые для участия в конкурсе документы:

1) заявление об участии в конкурсе;

2) автобиографию, изложенную в произвольной форме;

3) копии документов об образовании;

4) копию трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора либо другой документ, подтверждающий стаж работы;

5) справку о состоянии здоровья по форме 075/у, утвержденной Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 «Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);

6) справку Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан об отсутствии судимости;

7) справку Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан об отсутсвии коррупционных правонарушений.

Участник конкурса может представить дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикациях, рекомендации от руководства предыдущего места работы).

Дата начала приема документов: с 18 марта 2025 года.

Дата окончания приема документов: до 11 часов 00 минут 01 апреля 2025 года.

Лица, изъявившие желание участвовать в конкурсе, представляют документы в электронном виде на адрес электронной почты gorbolrud@yandex.kz

Оригиналы документов представляются не позднее, чем за один час до начала собеседования.

Рубрика: Без рубрики