Рубрика: ОСМС

ӘМСҚ-да ШОБ субъектілеріне МӘМС мәртебесін алу үшін қызметкерлер тізімін өзектендіру туралы еске салады. В ФСМС напоминают субъектам МСБ об актуализации списков сотрудников для получения статуса в ОСМС

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін шағын және орта бизнес кәсіпкерлері жеңілдікті санаттарына жататын өз қызметкерлерінің деректерін (ЖСН) msb.fms.kz сілтемесі бойынша «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізулері тиіс екенін еске салады. Уақытылы енгізілмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесінің болмауына байланысты МӘМС жүйесінде медициналық көмекке жүгіне алмайды.

 Соңғы деректер бойынша барлық ШОБ субъектілерінің 35%-ы – бұл 378 мыңның 132 мыңнан астамы — ақпараттық жүйеде өз деректерін әлі өзектендірмеген.

Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкілдері тұрақты түрде есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін жүргізуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 Қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері жалдамалы қызметкерлер үшін аударымдарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін босатылған болатын.

Пандемия кезінде «нөлдік мөлшерлемені» қолданған ШОБ тізіміне: сауда, көлік және техникалық қызмет көрсету, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй ісі, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектілер кірді.

Фонд социального медицинского страхования напоминает, что до 25 января 2021 года предприниматели малого и среднего бизнеса должны внести в информационную систему «Saqtandyry» по ссылке msb.fms.kz данные (ИИН) своих работников, которые относятся к льготным категориям граждан. В противном случае последние из-за отсутствия статуса застрахованности не смогут рассчитывать на медпомощь в системе ОСМС.

По последним данным 35% всех субъектов МСБ – это более 132 тысяч из 378 тысяч – еще не актуализировали свои данные в информационной системе.

Проводить эту процедуру представителям малого и среднего бизнеса необходимо регулярно до 25 числа месяца, следующего за отчетным.

Напомним, в ноябре 2020 года вышло Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года №721, согласно документу лица, занимающиеся частной практикой, а также субъекты микро, малого или среднего предпринимательства были освобождены от уплаты отчислений за наемных сотрудников до 1 января 2021 года.

В список МСБ, которые применяли «нулевую ставку» во время пандемии вошли: субъекты торговли, транспорта и технического обслуживания, образования, медицины, туризма, ресторанно-гостиничного дела, развлекательной сферы, программного обеспечения, фитнеса и т.д.

Рубрика: ОСМС